"STOP трафик" 48 қылмысты анықтады

917

ҚР ІІМ "STOP трафик" операциясының кезекті кезеңінің нәтижесін жариялады.

"STOP трафик" 48 қылмысты анықтады

Жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында 48 қылмыс анықталыпты. Оның ішінде 3 факті саудалау мақсатында бас бостандығынан айыру, 2 – адам саудасы, 8 – жезөкшелікпен айналысуға, оның ішінде 1 факті кәмелетке толмағанды тартқаны үшін, 35 факті жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастырғаны және ұстауына байланысты тіркелген.

Мәселен, Алматы қаласында 2 порнографиялық студияның жұмысын ұйымдастырған қырғызстандық ер адам мен қазақстандық әйел адам ұсталды. Олар бұл студияда порнофильмдерді онлайн режимде түсіріп, Интернет желісінде көрсетіп отырған. Аталған факті негізінде ҚК-нің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған (порнографиялық материалдарды немесе құралдарды заңсыз тарату).

Атырау облысында екі апта бойы күш көрсету арқылы Өзбекстан азаматын қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жеке басын анықтау үшін ІІО-ның арнайы мекемелеріне 33 адам қамалған, оның ішінде 13-і – Қазақстан азаматы, 20-сы  – ТМД елдерінің азаматы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу