48 тоннадан аса өнім экспорттаушы мемлекеттер аумағына қайтарылды

837

48 тоннадан аса өнім экспорттаушы мемлекеттер аумағына қайтарылды

2018 жылдың қаңтар айының 1-5 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 4 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Қырғызстан Республикасынан әкелінген 30 тонна құрмадан, карантиндік объект – Комсток сымыры анықталды. ҚХР-дан әкелінген 18,22 тонна сұлы қауызының,0,5 тонна ағаш үгіндісінің міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификаты болмаған.
Жоғарыда көрсетілген жалпы салмағы 48,72 тонна карантинге жатқызылатын өнімдер экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу