48 жолаушыны құтқарған семейлікті Андрей Малахов "Прямой эфирге" шақырды

663

Семейлік күрес бапкері  Ержан Амарханов Ресейде ток-шоудың қонағы болмақ.

48 жолаушыны құтқарған семейлікті Андрей Малахов "Прямой эфирге" шақырды

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов жанып жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарған Семей тұрғыны Ержан Амархановты бағдарламасына шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

Андрей Малахов жүргізетін "Прямой эфир" ресейлік ток-шоуына қатысуға күрес бапкері осы аптада аттанады. Жолға және жүріс-тұрысына кететін қаражатты телеарна басшылығы өз мойнына алып отыр.

"Андрей Малаховтың бағдарламасының редакциясы хабарласып, эфирге шақырды. Келісімімді бердім, осы аптада бағдарламаға қатысуға барамын", — дейді Ержан Амарханов.

Естеріңізге сала кетсек, автобус өрті тамыз айының төртінен бесіне қараған түні болған еді. 50 жолаушы мінген Семей — Новосібір бағдарлы автобусы жолда келе жатады. Түнгі үш кезінде Ресей аумағындағы Алейск ауылына жақын жерде 37 жастағы қазақстандық бірінші болып автобус қозғалтқышының тұтанғанын сезген.

Ер адам бірден жүргізушіге хабар беріп, жолаушыларды оята бастайды. Көліктің есігі мен терезесін бұзып, адамдарды біртіндеп шығара берген. Қас-қағым сәтте көліктің іші отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті. Семейлік жігіттің батыл іс-әрекетінің арқасында жолаушылардың бәрі дін аман қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу