480 отбасы баспаналы болды

735

480 отбасы баспаналы болды

ОҚО Төлеби ауданында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 5 қабатты 60 пәтерлі жаңа 8 тұрғын тұрғын үй халық игілігіне берілді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа қоныс Төле би ауданы, Ленгір қаласының 1-ші мөлтек ауданында бой көтерген. Барлығы 480 отбасы баспаналы болды. 

Тұрғындарды арнайы мерекемен құттықтай келген ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу