Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған квота – қандас квотасы 4%, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жалпы бөлінген гранттың 4%-ы қандастарға беріледі. Мысалы, 2026 жылы "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша 12 228 грант бөлінген, оның ішінде 489 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.
Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастарұлты "қазақ" екенін растайтын шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатын немесе ықтиярхат ұсынады.
Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балдары бекітілмеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу