49 мыңдай отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады

792

49 мыңдай отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады

 

Биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанда 49 мыңдай отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Осылайша, аз қамтылған отбасылардың көпшілігі ақшалай көмекпен қоса, жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Оның айтуынша, "100 нақты қадамда" көрсетілген жаңа формат осы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырыла бастады. Бұл жұмысты сапалы түрде жүзеге асыру үшін соңғы үш жыл бойы министрліктің басшылығы мен жергілікті жерлерде қажетті дайындық жұмыстары жүргізілген. 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды уақтылы анықталып, олардың әлеуметтік келісім шарт жасау жұмыстары қолға алынған. Бүгінгі таңда 105 мыңнан астам отбасымен әлеуметтік келісім шарт жасалған.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Атаулы әлеуметтік көмектің одан ары нәтижелі болуы жергілікті атқарушы органдардың тиімді жұмысына байланысты болмақ. Осыған орай, Бақытжан Әбдірұлы, облыс әкімдеріне белгіленген  кестеге сәйкес міндеттемелерін қатаң орындауды, сонымен бірге републикалық бюджеттен 19 млрд теңгесін мақсатты түрде жұмсалуын тапсыруыңызды сұраймын. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен әлеуметтік келісім шарттардың орындалу мониторингі автоматты түрде жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу