490 млн теңге пайда тапқан: Ақтөбеде онлайн казино ұйымдастырған 3 адам ұсталды

523

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

490 млн теңге пайда тапқан: Ақтөбеде онлайн казино ұйымдастырған 3 адам ұсталды Фото: pexels

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесін онлайн форматта (интернет-казино) ұйымдастырған 3 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұйымдастырушылар Қазақстан аумағында тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған. 

"Осылайша, олар ойыншыларға нақты ұтыстар бере отырып, тиісті лицензиясыз құмар ойын түріндегі заңсыз қызмет көрсеткен. Алдын ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңгені құрады. Ойыншылар саны - 800 адамнан асады", делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексерілуде. Жүргізілген тінту нәтижелері бойынша заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақшалай қаражат табылып, тәркіленді. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу