490 мыңға жуық адам несие алу құқығына ие болады

1229

Банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуга қатысты заң аясында несие тарихын сақтау шартына өзгеріс енгізілді. 

490 мыңға жуық адам несие алу құқығына ие болады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы сенатта жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұрын несие тарихын сақтау мерзімі 10 жыл болса, заңға енгізілген түзетуге сәйкес мерзім 5 жылға дейін қысқарды. Азаматтардың несие тарихын сақтау мерзімі маңызды мәселе", – деді депутат Ольга Перепечина.

Бүгінге дейін банктер қарыз төлемінің мерзімін өткізіп алған адамдарға 10 жыл несие беруден бас тартып келді. Сенатордың сөзінше, несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда 490 мыңға жуық азаматқа қажеттілігіне қарай банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алу құқы беріледі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу