490 жоба іске қосылады

1075

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2025 жылға дейін қандай жобалар жүзеге асырылатынын және оған қанша ақша жұмсалатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

490 жоба іске қосылады

Министрдің мәлімдеуінше, межелі мерзімге дейін құны 13,3 трлн теңгеден асатын өңдеу өнеркәсібінің 490 жобасы іске қосылады. 

"Құрылыс индустриясында – 198, тау-кен металлургия кешенінде – 119, машина жасау саласында – 72, химия өнеркәсібінде – 55, фармацевтика саласында – 20, жеңіл өнеркәсіпте – 26 жоба пайдалануға беріледі", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу