497 мың жұмысшы қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді

1478

Семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

497 мың жұмысшы қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді

Ақтөбе қаласында ҚР-ның бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен "Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету" тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері, сондай-ақ ағымдағы проблемалар мен оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды. Семинарға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Атамекен ҰКП, "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" РМҚК, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және жоғарыда аталған 5 облыстың әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

"Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – бұл Еңбек министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі. Ағымдағы жылы "Қауіпсіз еңбек" ақпараттық компаниясы аясында әлеуметтік әріптестері ("Атамекен" АЭС, Кәсіподақтар федерациясы) және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өңірлерде 4 өңірлік семинар өткізуді жоспарлануда. Біздің қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бірлескен күш-жігеріміз ғана кәсіби тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді", – деді Төлеген Оспанқұлов.

Семинарда сөз алған Төлеген Оспанқұлов зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын қысқартудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні Қазақстанда 497 мың жұмысшы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді, олар үшін жұмыс берушілер қызметкердің табысының 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.

"Статистика жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері бойынша, 2018 жылы еңбек жағдайлары бойынша тексерілген 1,6 млн қызметкердің 373 мыңы немесе әрбір төртінші (22,3%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеген. Өткен жылы 676 мың жұмысшы зиянды еңбек жағдайындағы жұмысы үшін әр түрлі өтемақы алды. Осы мақсатта жұмыс берушілерге 116,3 млрд. теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8% -ға көп", – деді Оспанқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу