497 тонна өнім Ресей аумағына кері қайтарылды

1076

497 тонна өнім Ресей аумағына кері қайтарылды

2018 жылғы қазан айында өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 497 тонна және 252,6 м3 заңсыз тасымалданған өсімдік өнімдерінің жолын кесті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

2018 жылғы 27 қазан мен 2 қараша аралығанда Актөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз әкелудің 4 жағдайын анықтады.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде 43 тонна бидай кебегі, 21 тонна тағамдық картоп, 17 м3 кесілген ағаш өнімдері фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан аумағына тасымалдауға тиым салынған. Барлық өнім Ресей Федерациясына кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жалпы, биылғы жылдың қазан айында өсімдіктер карантині бойынша 35 жағдайда (497 тонна және 252,6 м3) Ресей Федерациясынан заңсыз карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары өсімдік өнімдері фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны үшін жіберілмеді", - делінген АШМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу