"5-10-20" ипотекалық бағдарламасы жасалады

7608

"Отбасы банк" толыққанды дамыту және қолдау институты құрылады.

"5-10-20" ипотекалық бағдарламасы жасалады

Зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсау бастамасы бойынша нақты қадам қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді. 

"Баспана кезегіндегілердің проблемасын шешу үшін несиелік баспанамен қамтуға бағытталған "5-10-20" атты жаңа бағдарламаны іске қосуды тапсырамын. Бұл мақсатқа дағдарысқа қарсы шаралар қаражатынан 390 млрд теңге бағыттаймыз. Биыл рекордтық мөлшерде 15 млн шаршы метр баспана немесе 150 мың пәтер қолданысқа беріледі. Азаматтарымыздың тұрғын-үй ахуалын жақсартуды жалғастыру маңызды. Негізі бұл Үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі. Ол үшін институционалдық құрылымды жаңғырту қажет. Үкіметке жыл аяғына дейін "ТҚЖБ"АҚ негізінде "Отбасы банк" толыққанды дамыту және қолдау институтын құрып, баспана үлестіруге орталықтандырылған есеп жүргізу қажет. 
Азаматтардың  өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жасқартуға жұмсауы бұл саладағы қайта құрылымдаудың жалғасы болауға тиіс. Мен бұған дейін осындай тапсырма берген болатынмын, бірақ ТЖ режиміне байланысты оның талқылануы ұзаққа созылып кетті. Енді шешім қабылдайтын кез жетті. Үкімет 1 шілдеге дейін өз нұсқаларын анықтауы керек", – деді Президент. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу