"5-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

5977

Жеңілдетілген несиемен берілетін пәтерлерге кімдер ие болатыны жарияланды. 

"5-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын бекітті. 

"Мемлекет тұрғын үй кезегінде тұрған және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға, жетім балаларға, I-II топтағы мүгедектерге заңға сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалға пәтер береді", – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Оның сөзінше, "Бақытты отбасы" бағдарламасы көпбалалы аналарды, толық емес және мүгедек баласы бар отбасыларды сондай-ақ екі айлық есептік көрсеткішке, яғни 59,4 мың теңгеге күн көріп отырған азаматтарды қамтиды. 

"Тұрғын үй кезегінде тұрған, 92 мың теңге табыс табатын азаматтар әкімдіктердің "5-20-25" тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. Бұл санатқа әскери қызметкерлер, бюджет қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер жатады. Ай сайын жүз мыңнан артық табыс табатын азаматтар 

"7-20-25" бағдарламасына жүгіне алады. Еңбекақысы 148,5 мың теңгені құрайтын азаматтар нарықтағы "Баспана-хит", "Орда", "Өз үйім" бағдарламалары арқылы баспаналы бола алады", – деді министр

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу