Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Орман өрттерін жоюдағы маңызды мәселе – оларды дер кезінде анықтау. Осы мақсатта орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жалғасып жатыр. Елімізде осындай жүйелерiмен мемлекеттiк орман қорының 1,3 млн га қамтылған. Осы жылы жүйе бюджет қаражаты есебінен "Семей орманы" резерватында орнатылады. "Семей орманы" резерватынан басқа, жүйе 23 орман шаруашылықтарында утиль төлем есебінен енгізілетін болады", - деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.
Жыл соңына дейін ерте анықтау жүйесі 5,6 млн га мемлекеттік орман қорын қамтиды.