5,6 мың тонна астық Италияға экспортталды

97

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мақсатында Ақмола облысының әкімдігі астықты жақын және алыс шетелге экспорттауға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.  

5,6 мың тонна астық Италияға экспортталды Фото: topwar.ru

Биыл ақпанда облыс әкімінің Эстония Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ақмола облысы мен "Muuga Grain Terminal" астық терминалы арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл құжат өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңір диқандары үшін Еуропа елдеріне астық экспорттауға жол ашты.

Биыл 2 кәсіпорын жалпы көлемі 5,6 мың тонна астықты Италияға экспорттады. Оның ішінде "Содружество Трейд Восток" ЖШС Эстония аумағы арқылы 1,6 мың тонна өнім жөнелткен.

Астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында экспорттаушылармен бірлескен жұмыс қарқынды жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу