5,7 мың шақырым жол ақылы болады

1153

Жергілікті жерлердегі 4 мың шақырым жол жөнделеді. 

5,7 мың шақырым жол ақылы болады Фото: Серікжан Қобыланбаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин биыл пайдалануға берілетін республикалық маңызы бар жолдарды атады. 

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 2 600 шақырым жолдың құрылысы мен қайта жөндеу жұмысы аяқталады.

"Талдықорған-Өскемен (763 шақырым), Қарағанды-Балқаш-Қапшағай (645 шақырымы), Қалбатау-Майқапшағай (415 шақырымы), Ақтөбе-Атырау-Астрахань (279 шақырымы), Мерке-Бурылбайтал (266 шақырымы), Көкшетау-Петропавл (67 кшақырымы), Үшарал-Достық (60 шақырымы), Қостанай-Денисовка (60 шақырымы), Ұзынағаш-Отар (56 шақымы) жолдарының бөліктері пайдалануға беріледі", – деді үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, биылдан бастап 5,7 мың шақырым жол ақылы болады. 

"Жергілікті жолды дамытуға ерекше назар аударылады. Жалпы, жергілікті жолдардың 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұл қалалар мен ауылдардағы өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді", – деді премьер-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу