5,9 мың валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

749

Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды.

5,9 мың валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 5 908 валюталық қарызды қайта қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады.

Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық банкі 30 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде банктер 159,7 млрд теңге сомаға 25 807 қарызды мақұлдап, 139,7 млрд теңге сомаға 23 950 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 237,6 млрд теңге сомаға 31 781 өтінім қабылданды. 

Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

2019 жылғы 10 қаңтарда банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 48,5 млрд теңге сомаға 5 908 өтінімді мақұлдап, 35,1 млрд теңге сомаға 4 540 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 101,7 млрд теңге сомаға 8 078 өтінім қабылданды.

Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 қаулысымен банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ғана ұзартылды, қарыз алушының/қоса қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі 2019 жылғы 1 шілдені қоса алғанға дейін белгіленді. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу