5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі сотқа жіберілді

1047

Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды.

5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі сотқа жіберілді

Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновтың ісі сотқа жолданды, хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Игорь Дужновқа қатысты қылмыстық іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді", – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды.

Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Алматы қалалық соты істің барлық тұстарын талдап көрсетті.

"Банк ЦентрКредит" АҚ іс бойынша қажетті барлық құжат ұсынылатынын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу