5 адамның есепшотынан ақша ұрлаған алаяқ анықталды

765

Ақмолада бес тұрғынның есепшотынан ақша аударып алған алаяқ анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

5 адамның есепшотынан ақша ұрлаған алаяқ анықталды

7 қазанда Ақмола облысы ПД КПБ-ға банк өкілі жүгінген. Ол белгісіз тұлғалар қаржы мекемесінің жеке тұлғаларының біріктірілген базасының жүйесіне кіргенін хабарлаған. Алаяқтар банк клиенттерінің логинін пайдаланып, бес адамның шотынан ақшаны жалған шотқа аударған. Залал сомасы анықталуда.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін анықтаған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу