5 айда Қазақстаннан 8,4 мыңға жуық азамат шетелге көшіп кетті

1187

Елімізден кетіп жатқандардың да саны артты.  

5 айда Қазақстаннан 8,4 мыңға жуық азамат шетелге көшіп кетті

Тек 5 айда 9 мыңға жуық азамат шетелге көшіп кетті, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Отандастарымыздың ең көп қоныс аударған елдері де белгілі болды. Тізімді Ресей бастайды. Солтүстік көршімізге 7258 адам көш кеткен. Бұл елден кеткендердің 86 пайызы. Екінші орында Германия тұр. Аталған елге 606 адам  қоныс аударған. Өзбекстанға 124 адам кетсе, 119 отандасымыз мұхит асып, АҚШ-қа аттанған. Сондай-ақ,  шетелде тұруды шешкен қазақстандықтар Польша, Белорусь, Канада секілді елдерді таңдаған. 

Айта кетейік, 2020 жылдың І тоқсанында Қазақстаннан 7,3 мыңнан астам адам кетсе,  2019 жылдың сәйкес кезеңінде 45 мыңнан астам адам қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу