5 айда Маңғыстауға 216 млрд теңге инвестиция тартылған

877

Биыл облыста 270 млрд теңгеге 12 инвестициялық жоба іске асырылады. 

5 айда Маңғыстауға 216 млрд теңге инвестиция тартылған

2021 жылғы 5 айда өңірге 216 млрд теңге тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 5 айда өңір өңдеу өнеркәсібі, инвестиция, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй салу, көлік салалары оң нәтиже көрсеткен.

Серікбай Тұрымов Маңғыстау өңірі инвестиция тарту бойынша үздік аймақтардың қатарында екенін атап өтті.

"Жүйелі жұмыстың нәтижесінде облысқа тартылған инвестиция көлемі 12,9%-ға артып, 216 млрд теңге болды. Биыл облыста 270 млрд теңгеге жуық қаржыға 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Осылайша, 2 600 адамды жұмыспен қамтылады", – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өңірде инвестиция тартуға арнайы экономикалық аймағының үлесі зор екенін атап өтті.

"Ол ашылғалы 200 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды. Бүгінде бұл аймаққа 19 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Онда 1800-ге тарта адам еңбек етуде. Алдағы уақытта шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен тағы 5 жоба жүзеге асырылады", - деп түйіндеді сөзін Серікбай Тұрымов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу