5 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңгеден аса кіріс түскен

378

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы 5 ай бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштеріне тоқталды.

5 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңгеден аса кіріс түскен Фото: google.com

Министрдің сөзінше, республикалық бюджетке 5,4 трлн теңге түскен. 

"Жоспар 93,8%-ға орындалды. Атқарылмаған бөлігі – 355 млрд теңге. Салықтар бойынша жоспардың 400 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 5 айда 641 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ға немесе 108 млрд теңгеге азаюымен байланысты", - деді ол Үкімет отырысында.

Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ға төмендеуімен байланысты болды, деп толықтырды ведомство басшысы.

Ведомство басшысының мәліметінше, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 11%-ға төмендеуі әсер еткен.

Ерұлан Жамаубаев, Үкімет отырысы, қаржы, республикалық бюджет 5 айда мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңгеден аса кіріс түскен

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биылғы 5 ай бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштеріне тоқталды.

Министрдің сөзінше, республикалық бюджетке 5,4 трлн теңге түскен. 

"Жоспар 93,8%-ға орындалды. Атқарылмаған бөлігі – 355 млрд теңге. Салықтар бойынша жоспардың 400 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 5 айда 641 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ға немесе 108 млрд теңгеге азаюымен байланысты", - деді ол Үкімет отырысында.

Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ға төмендеуімен байланысты болды, деп толықтырды ведомство басшысы.

Ведомство басшысының мәліметінше, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 11%-ға төмендеуі әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу