5 айда теміржолмен 105 млн тонна жүк тасымалданған

823

2021 жылғы мамырда "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ желісінде жалпы жүк тиелімі 21,8 млн тонна болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

5 айда теміржолмен 105 млн тонна жүк тасымалданған

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Атап айтсақ, 8,1 млн тонна көмір жіберілді. 2020 жылғы мамырмен салыстырғанда көрсеткіш 5%-ға өсті. 744 мың тонна астық тасымалданды, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 17%. 

"Мамырда мұнай өнімдерін тасымалдау 3%-ға (1,3 млн тоннаға дейін), темір кенін тасымалдау 25%-ға (2,5 млн тонна) өсті. 2 млн тонна түсті металл, 458 мың тонна қара металл, 326 мың тонна химиялық және минералды тыңайтқыштар, 1,6 млн тонна құрылыс материалдары тиелді", - деп жазылған ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2021 жылғы 5 айда "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ желісі бойынша 104,7 млн тонна жүк тиелген, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңдеу 3,6%-ға өскен. Оның ішінде республика бойынша 67,3 млн тонна жүк тасымалданды (бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1% артық). Экспорт 6,4%-ға өсіп, 37,4 млн тонна болды.

"Биыл қаңтар-мамырда 43,7 млн тонна көмір тасымалданды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 3,3%. Стратегиялық жүктің басым бөлігі шамамен 32 млн тоннаға жуығы (бұл өткен жылғы деңгейден 11%-ға жоғары) қазақстандық тұтынушыларға жеткізілді. 3,9 млн тонна астық тиеліп жіберілді, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 10,2%", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу