Себебі корпорация басшылығы ипотекалық пәтерлерді сатып алу, инвестициялық жобаларға жер телімдерін сату және қордың қаржысын жұмсау кезінде, көптеген заң бұзушылыққа жол берген.
Мәселен, олар қала әкімдігінен жерді заң талабы бойынша аукцион арқылы емес, жай кадастрлық құны бойынша алған. Кейін инвесторға сметалық құнымен сатып отырған. Ал түскен миллиондаған теңге, бюджетке емес корпорацияның қажеттіліктеріне жұмсалған.
Сонымен қатар корпорация жанынан құрылған "Шымкент Қайырымды қала" қорына жиналған қаржының да мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Мысалы, 2 жылда қорға демеушілер есебінен 1 млрд теңгеге жуық қаражат аударылса, оның 45 млн-ы дендро саябаққа 5 әжетхана салу үшін жұмсалған.