5 баласынан айырылған отбасы қайғылы оқиғаға дейін қандай әлеуметтік көмек алғаны айтылды

391

Бүгінде қара жамылған отбасыға жергілікті әкімдік тарапынан көмек берілуде. 

5 баласынан айырылған отбасы қайғылы оқиғаға дейін қандай әлеуметтік көмек алғаны айтылды Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Сырым ауданы Жымпиты ауылында бес баласынан айрылған отбасы қайғылы оқиғаға дейін қандай көмек алып келгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Бес баласы қаза тапқан отбасы осы уақытқа дейін қандай да бір әлеуметтік көмек алған ба?" деп сұрады.

"Бұл отбасы көпбалалы жанұя ретінде және 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып келді. Барлығын қосқанда бұл ай сайын 134 мың теңге. Бүгінде жергілікті атқарушы орган бюджеті есебінен және қайырымдылық тарапынан көмек беріліп жатыр. Бүгінде балаларынан айырылған анаға республикалық бюджеттен төленетін өтемақы заң жүзінде қарастырылмаған", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кету керек, бұған дейін Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп, бір отбасының 5 баласы ажал құшқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу