Ауыл шаруашылығына берілетін жаңа несие 5%-дан аспайды

903

2022 жылы ауылшаруашылығымен айналысатын 2 400 шаруаға бюджеттік несие есебінен 70 млрд теңге көлемінде несие беріледі. Шекті мөлшерлемесі 5%-дан аспайды.  

Ауыл шаруашылығына берілетін жаңа несие 5%-дан аспайды

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Несие агроөнеркәсіптік кешен субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге беріледі. Оның ішінде несиені бірінші рет алғалы тұрған 387 қарыз алушы қамтылады. Осының арқасында өсімдік шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру мен Қазақстанның 3 млн гектарлық егіс алқабын қамту көзделген", – дейді Ержан Сәрсенбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу