5 қалада ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

529

20 сәуірде Қазақстанның 5 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

5 қалада ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет Фото: Massaget.kz

"Қазгидромет" болжамы бойынша, Қазақстанның 5 қаласында – Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу