5 қалада жалған вакцина төлқұжатын сатқан дәрігерлер ұсталды

999

Жалған төлқұжат 5-30 мың теңге аралығында сатылған. 

5 қалада жалған вакцина төлқұжатын сатқан дәрігерлер ұсталды

Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қаласында коронавирусқа қарсы вакцина паспортын сатумен айналысқан медицина қызметкерлері мен басқа да адамдар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Заң бұзу дерегі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған.

"Олар ақша табу үшін денсаулық сақтау органдары қойған міндеттер мен мораль нормаларына қарамастан адамдарға жалған вакциналау жүргізген. Жалған паспортты 5-30 мың теңгеге сатқан", деп жазылған хабарламада.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабында (жалған құжат жасау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі 7 тергеу басталды. Бүгінде жалған төлқұжат берілген 37 адам анықталды.

Сонымен қатар 12 адам, оның ішінде 8 медицина қызметкерінің жалған құжат жасағаны белгілі болды.

Басқа күдіктілерді анықтау бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу