5 қаңтарда республика жолдарындағы ахуал қандай

290

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

5 қаңтарда республика жолдарындағы ахуал қандай Фото: freepik

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 4 қаңтар сағат 09:30-дан бастап Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ01 Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 92-164-шақырымында (Анар станциясынан Теміртау қаласына дейін) барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін шектелді.

Сонымен қатар 2026 жылғы 4 қаңтар сағат 22:00-де Ақмола облысында ауа райы жағдайының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 18-232-шақырымында барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 80 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін өзгертілді.

Ал Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты "Қалқаман" жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу