5 қаңтардағы саудада доллар күрт қымбаттап кетті

330

Ұлттық банктің 5 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 525,11 теңге. 

5 қаңтардағы саудада доллар күрт қымбаттап кетті Фото: inbusiness.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,01 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 526,11 теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 530 теңге. Еуро 542-549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 527 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,80-5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу