5 қазаннан мектептер ерекше тәртіп бойынша жаппай тексеріледі – Ералы Тоғжанов

831

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бері мектептерде жүргізілген тексеру мониторингінің қорытындысын баяндады.  

5 қазаннан мектептер ерекше тәртіп бойынша жаппай тексеріледі – Ералы Тоғжанов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде санитарлық нормалардың сақталуы талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәселен, 697 мектептің 134-інде санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған. Бұл ретте, бұзушылықтардың негізгі бөлігі ауылдық мектептерде анықталған.

Тексеру кезінде, көптеген мектептерде пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға және жоюға арналған арнайы қоқыс жәшіктерінің және мектеп ішінде жүру кезінде ара қашықтықты сақтауды қамтамасыз ететін белгілердің болмағаны анықталды. Сондай-ақ, қызметкерлердің бетперде режимін сақтамау фактілері анықталды.

Мысалға, Орал қаласындағы № 46 мектепте, Нұр-Сұлтан қаласындағы № 55 орта мектепте және Солтүстік Қазақстан облысындағы №2 Бескөл орта мектебінде, Павлодар облысының Жаңатілек ауылындағы Хайдаров атындағы мектепте, Баянауыл ауданындағы Уынбұлақ орта мектебінде мұғалімдер мен оқушыларға термометрия жүргізілмеген.

Сондай-ақ, 33 мектепте санитайзерлердің жетіспеушілігі мен жеткіліксіз мөлшерде екендігі анықталды.

Ақмола облысының екі мектебі (Макинск қаласы № 5 ОМ және Щучинск қаласы № 1 ОМ), Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы "Жайсаң бала" және "Zere" жекеменшік мектептерінде медицина қызметкері жоқ.

Алматы қаласында, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында 29 мектепте бактерицидті шамдар (кварцты) болмаған.

15 мектептің кіреберісінде ара қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету белгілері жоқ (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, СҚО және Қарағанды облыстары).

Қостанай облысында бактерицидті шамдар мен дезинфекциялық кілемшелердің болмауы бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды: Қарабалық ауданының тоғыз мектебінде, Майлин ауданының төрт мектебінде және Алтынсарин ауданының 11 мектебінде.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдерге бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Биылғы оқу жылының екінші тоқсанында мектептердің қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдау кезінде мектептердің дайындық жағдайын бағалау ескерілетін болады. Ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап жалпы білім беру мектептерін ерекше тәртіп бойынша жаппай тексеру жұмыстарының басталатынын атап өту қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу