Зілзаладан аман қалғандар көңілге қуаныш сыйлағанымен олардың бастан өткергендері жүректерді елжіретеді. Хатай қаласындағы апаттан 20 мыңнан астам адам қаза тапты. Соның арасында Өмер Аднанның да отбасы бар. Тәтті ұйқыда жатқан 8 айлық сәби таңертең оянғанда отбасынан жырақта қалатынын қайдан білсін. Жер сілкінісі кішкентай Өмерді ата-анасы мен бауырларынан айырды. Оны еріктілер 3 күн өткен соң 10 сағат ішінде құтқарды. Медицина қызметкерлері бірден ауруханаға апарды. Ал жақындарын құтқару мүмкін болмады. Анасы 10 жыл бойы қатерлі ісікпен күресіп келген. Дәрігерлердің 3 айлық өмірің қалды деген ескертуіне қарамастан Өмерді дүниеге әкеледі. Алайда сәбиінің тәй-тәй басқан қадамын да көре алмай кетті.
Қазір Өмер туыстарының жанында. Оған бұдан былай әкесінің бауырлары бас көз болады.