5 күн бойы айдалада қар жеп күнелткен малшы құтқарылды

167

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

5 күн бойы айдалада қар жеп күнелткен малшы құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

21 наурыз күні түнде құтқару қызметіне адамның жоғалғаны туралы хабар түсті. 17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оның орналасқан жері белгісіз болып, телефоны сөндірулі болған. Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды. Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды", – делінген хабарламада.

Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

"Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалған. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ат иесінен алыстап кеткен, ал ол далада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген", – деп хабарлады ТЖМ-нан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу