Антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі жылы ауа райы күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстанның батысы мен шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс өңірде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ та түсуі мүмкін", – деп ескертті "Қазгидромет" РМК.
Жалпы, республика бойынша сипат алатын табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, БҚО мен Ақтөбе өңірінің солтүстігі мен шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады.
Синоптиктердің айтуынша, жоғары өрт қаупі еліміздің бірқатар аймақтарында сақталады: Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында, Ақтөбе және Павлодар облыстарының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында.
Сондай-ақ БҚО-да, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.