5 мамырдан бастап Алматы-Тараз әуе рейсі жұмыс істейді

581

5 мамырдан бастап Алматы-Тараз әуе рейсі жұмыс істейді

2017 жылдың 5 мамырынан бастап Qazaq Air көктем-күзге арналған жаңартылған тізім бойынша Алматы-Тараз-Алматы бағытында тұрақты рейс ашады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері, Алматы тұрғындары көне қалалардың біріне Bombardier Q400 NextGen әуе лайнері арқылы саяхат жасай алады", – дейді компания өкілдері.

Алматыдан Таразға 55 минут ұшады, бір бағытқа ұшу құны – 12 041 теңге.

Qazaq Air әуе компаниясы Қазақстан өңірлеріне ұшуды қамтамасыз етеді, оның 100% акциясы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу