5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

297

Бұл күнді Біріккен ұлттар ұйымы 1972 жылы жариялаған.

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Фото: Adyrna

Осыдан 52 жыл бұрын халықаралық қауымдастықтың Бас ассамблеясының 27-сессиясында Қоршаған орта бойынша ғаламдық бағдарлама қабылданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әр жылдың өз тақырыбы мен ұраны бар. Дүниежүзілік қоршаған орта күніндегі биылғы ұран – "Біздің жеріміз. Біздің болашағымыз" деп аталады.

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні - көшедегі шеру, велосипедистер парады, "жасыл" концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта өңдеу науқаны және айналаны тазарту сияқты қызықты шаралар жасалады.

Қазақстан Республикасында бұл шара атап өтіледі және еліміздің әр аймағында түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Дәл осы күні Қазақстанда "Эколог күні" аталып өтеді. Қазақстан Республикасы бұл мейрамды 2011 жылы бекітіп, мерекелер туралы заңға ресми түрде енгізді. Алайда эколог күні демалыс күні болып саналмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу