5 маусымнан бастап елордада жаңа автобус бағыты ашылады

944

Ертең, яғни 5 маусым күні "Ақан сері көшесі – Зират" қатынасымен №69 жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

5 маусымнан бастап елордада жаңа автобус бағыты ашылады

Жаңа бағыттағы автобус Н.Тілендиев даңғылы – Солтүстік-Батыс айналма жолы – Жаңа зират арқылы өтеді. Назар аударарлық жағдай, бұл бағыттағы автобустар тек сенбі күні жүреді. Басқа күндері қатынайтын болса қосымша хабарланады.

Жолақысы әдеттегінше 90 тг.

"Ақан сері көшесі" аялдамасынан шығу уақыты сағат 12:00, 14:00, 16:00 және кері бағытта сағат 12:40, 14:50, 16:40.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу