Суық күнде көлік қыздырғандарға 19 мың теңге айыппұл салынады. Апта басталғалы шыққан бұл ақпарат қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ашуға булыққан жұрт бұл ақпараттың рас-өтірігін білмей тіксініп қалды.
Әсіресе, "5 минут" деп шектеп қойғаны аязы бет қаратпайтын, қысы қатал теріскей тұрғындарының қытығына тиіп кетті. Бұған қатысты Ішкі істер министрлігі де үн қатты. Сонымен, айтылған әңгіме шындыққа жанаса ма?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу