5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

887

Мемлекет басшысының 2022 жылдың соңына дейін  пайдаланылмай жатқан кемінде 5 млн гектар жерді қайтару жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды Фото: azattyq-ruhy.kz

"Мемлекет басшысының пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген кемінде 5 млн гектар жерді 2022 жылдың соңына дейін қайтару жөніндегі тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда тексерулер саны 9 есеге, ал тексерумен қамтылған аумақ 21 есеге артты. Тексерулер жер пайдаланушыларға жерді игеруді жандандыруға түрткі болды. Олар қазірдің өзінде шамамен 1,8 млн гектар жерді игеруді бастады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге артық", - деді ол.

Бұдан басқа халық малын жаю үшін жайылым тапшылығы проблемасын шешу мақсатында бірқатар шаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

"Ең алдымен ауылдық елдімекендердің шекаралары мемлекетке қайтарылған жайылымдық алқаптар мен жерлер, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін алынған жерлер есебінен кеңейтіледі. Ауыл шаруашылығы құралымдарымен олардың жайылымдарын жеке қосалқы шаруашылықтардың уақытша пайдалануы туралы меморандумдар жасалады. Жайылымдарды басқару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде оларға босалқы жерлерден жайылымдық алқаптар бере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясы бойынша жұмыс жүргізіледі", - деді Әбілхайыр Тамабек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу