5 млн теңге шығын: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

119

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

5 млн теңге шығын: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды Фото: Eldala

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан 5 жылқысының ұрланғанын айтып арызданды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу