5 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген жүргізушілер ұсталды

695

Рейд кезінде әр түрлі сомадағы айыппұлын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізуші анықталды. 

5 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген жүргізушілер ұсталды Фото: Polisia.kz

Атырау облысында айыппұлын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізуші анықталды. Оның ішінде 5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар екі жүргізушінің автокөлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейд жүргізілген.

"Бірлескен рейдтің мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру. Рейд кезінде әр түрлі сомадағы айыппұлын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізуші анықталды. Мәселен, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі 3 млн 209 мың 394 теңге айыппұлын әлі төлемеген. Ал, Lada–21903 автокөлігінің иесіне 1 млн 792 мың 167 теңге айыппұл салынған. Екі жүргізушіге қомақты айыппұлын төлеу қажеттігі ескертілді. Олардың көліктері арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу