5 млн теңгелік зергерлік бұйымда қолды еткендер ұсталды

590

Елорданың 27 жастағы екі тұрғыны Павлодар қаласында қолға түсті. 

5 млн теңгелік зергерлік бұйымда қолды еткендер ұсталды Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"17 қарашада Астрахан ауданының полиция бөліміне 2022 жылғы 17 қарашаға қараған түні дүкенге кіріп, бес млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап әкеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы аудан ауылдарының бірінің 56 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері Қаскүнемдер дүкенге пластикалық есікті қысып ашу арқылы кірген, металл есік ілмектерден алынып тасталған", делінген ақпаратта.

Олар 250-ге жуық зергерлік бұйымды  қолды еткен. Осы фактіге сәйкес Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Зергерлік бұйымдар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы қылмысты жасауға басқа адамдардың қатысы анықталуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу