5 мұнай кен орны тиімділігі төмен деп танылды

1970

5 мұнай кен орны тиімділігі төмен деп танылды

Бес мұнай кен орны тиімділігі төмен,  дебеті аз деп танылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 664 қаулысында" жазылған. 
Тізімде Комсомольское, Төбеарал, Қырықмылтық, Ақтас және Тасболат кен орындары бар.
Қырықмылтық мұнай-газ кен орны - Атырау облысы Жылыой ауданы  Құлсары  қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан. Бұл кен орнында іздеу-бұрғылау жұмыстары 1988 жылы басталған.

Қырықмылтық үкіметтің қаулысымен дебеті аз кендер қатарына жатқызылды. Кен орнындағы  мұнайдың  орташа тәуліктік дебеті тәулігіне 1,1-2 тоннаны құрайды. Жер асты байлығын пайдалану құқығы 1995 жылы 10 тамызда "ANACO" ЖШС-ға берілген болатын.

Төбеарал  кен орны да аз дебетті деп саналды. Мұндағы мұнайдың орташа тәуліктік дебеті тәулігіне - 1,88 тонна. Кен орнын пайдалануға "Төбеарал Ойл" ЖШС-мен келісмшарт 2002 жылдың 11 ақпанында жасалған еді.

Сонымен қатар Комсомольское де тиімділігі төмен мұнай кен орнына жатқызылды. Бұл кен орнын 2003 жылдың 17 наурызынан бері "Ком-Мунай" ЖШС игеріп келеді. 

Дәл осындай кен орындарының қатарында Тасболат пен Ақтас та жүр. Бұл екі  мұнай кен орындары  "Тасболат Ойл Корпорейшн" ЖШС-ның иелігінде болды. 

Тізімде 24 кен орны бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу