5 мың тұрғынға бір мобильді топ құрылады

878

Олар науқастарға онлайн қызмет көрсетіп, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. 

5 мың тұрғынға бір мобильді топ құрылады

Бұл туралы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы онлайн сұхбат барысында "Жас Қанат" бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының" жалпы тәжірибе дәрігері Меруерт Көшенова айтты.

"Мобильді топ пневмония, жедел респираторлық аурулар мен коронавирус инфекциясының белгілері бар  науқастарға көмек көрсетеді. Оның құрамына учаскелік дәрігер, медбике, акушер, фельдшер, әлеуметтік қызметкер кіреді.  5 мың тұрғынға 1 мобильдік топ құрылады. Біздің емханамызда 7 мыңнан аса науқас тіркелген. 5 мобильдік топ құрылған. Олар науқасқа қашықтықтан ем жүргізіп, қажеттілігіне байланысы тегін препараттар мен тегін ПЦТ тестпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, науқастың жағдайына байланысты КТ тағайындайды", – деді дәрігер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу