Ал бес мыңға жуық отандасымыз қаржылық пирамидаға құйған ақшасын қайтара алмай жүр, деп хабарлайды Atameken Business.
30 пайыздық үстемақы уәде берген компания біраз уақыттан кейін, кеңсесін жауып, ал негізін қалағандар шетелге ізін суытыпты. Компания басшысы Рустам Тұрғанов Абу-Дабиға қашып кеткен көрінеді. Халықтың жоғалтқан ақшасының жалпы көлемі 37 млн долларға жуық. Жеңіл ақшаға қызыққандардың кейбіреулері несие алса, енді біреулері мүліктерін сатып жіберген. Қаржылық пирамиданың қақпанына түскендер құқық орындарына шағым түсірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу