5 мыңға жуық павлодарлық арақ ішкені үшін айыппұл төледі

853

Ал 207 кәсіпкер заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 

5 мыңға жуық павлодарлық арақ ішкені үшін айыппұл төледі

Жыл басынан бері Павлодар облысында 4784 адам арақ ішіп, мас күйінде қоғамдық орындарда жүргені үшін жазаланды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, олардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал арақ ішкендерге салынған жалпы айыппұл көлемі 51 млн теңгені құрап отыр.

"Бұл жағдайда алкоголь өнімдерін сататын дүкендер де кері әсер етіп отыр. Олар 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатады. Сатып алушының кәмелеттік жасқа толмағанын біле тұрып, сауда жасайтындар да бар, – дейді департамент мамандары. 

Бұл ретте жыл басынан бері сағат 21.00-ден кейін немесе кәмелеттік жасқа толмағандарға алколголь өнімдерін сатқаны үшін 207 кәсіпкер жауапкершілікке тартылған. 

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу