"ҚазАвтоЖол" 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысында – 8 учаске.
1."Щучинск-Зеренді" автожолында 0-77 км, Щучинск қ. - Зеренді ауылына дейін - 77 км.
2. "Көкшетау-Атбасар" автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан - Атбасар қаласына дейін – 137 км.
3."Астана-Петропавловск" автожолында 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қаласына дейін ("КАЖсервис" ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
4."Екатеринбург-Алматы" автожолында 1292-1353 км, Жібек жолы ақы алу пунктінен - Қарағанды обласының шекарасына дейін – 61 км.
5."Екатеринбург-Алматы" автожолында 856-915 км, СҚО шекарасынан - Жақсы ауылына дейін – 59 км.
6. "Көкшетау-Рузаевка" автожолында 0-61 км, Көкшетау қ.- СҚО шекарасына дейін – 61 км.
7. "Көкшетау-Омск" автожолында 14-50 км, Көкшетау қ.- СҚО шекарасына дейін – 36 км.
8."Астана-Петропавловск" автожолында 304-341 км, Көкшетау қ. - СҚО шекарасына дейін – 37 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.
Жетісу облысында – 1 учаске.
1. "Үшарал-Достық" автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан -
Достық станциясына дейін – 100 км.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. (жаңбыр, ауа-температурасының төмендеуі)
Қарағанды облысында – 1 учаске
1. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. (нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ)
Қостанай облысында – 2 учаске.
1."Екатеринбург-Алматы" автожолында 683-729 км, Сарыкөл ауылынан - СҚО шекарасына дейін – 46 км.
2. "Мамлютка-Қостанай" автожолында 180-250 км, СҚО шекарасынан - Ұзынкөл ауылына дейін – 70 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. (СҚО ауа-райының қолайсыздығына байланысты)
Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске
1. "Екатеринбург-Алматы" автожолында 729-856 км, Қостанай облысының шекарасынан -
Ақмола облысының шекарасына дейін – 127 км.
2. "Челябинск-Новосибирск" автожолында 465-655 км, РФ шекарасынан - РФ шекарасына дейін – 190 км.
3. "Астана-Петропавловск" автожолында 341-473 км, Ақмола облысының шекарасынан - Бескөл ауылына дейін – 154 км.
4. "Петропавловск-Соколовка- РФ шек." автожолында 11-72 км, Петропавл қ. - РФ шекарасына дейін – 61 км.
5. "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек." автожолында 50-280 км Ақмола облысының шекарасынан - РФ шекарасына дейін – 230 км.
6. "Жезқазған-Петропавловск" автожолында 595-946 км, Ақмола облысының шекарасынан -
Бескөл ауылына дейін – 351 км.
7. "Мамлютка-Қостанай" автожолында 0 -180 км, Мамлютка қ. - Қостанай облысының шекарасына дейін – 180 км.
8. "Көкшетау-Рузаевка" автожолында 61-196 км, Ақмола облысының шекарасынан - Рузаевка ауылына дейін – 135 км.
9. "Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс" 0-24 км, Саумаукөл ауылынан - Мемориалдық кешенге дейін – 24 км.
10."Петерфельд-Архангельск-Новокаменка" автожолында 0-30 км, Петерфельд ауылынан -
А-16 автожолына дейін – 30 км.
11."Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" автожолында 0-228 км, Булаево қ. - Рощинское ауылына дейін – 228 км.
12."Рощинское-Корнеевка-Волошинка" автожолында 0-86 км, Рощинское ауылынан - Волошинка ауылына дейін – 86 км.
13."Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" автожолында 0-119 км, Волошинка ауылынан -
Тимирязево ауылына дейін – 119 км.
14."Тимирязево-Сарыколь-граница области" автожолында 0-31 км, Тимирязево ауылынан -
облыс шекарасына дейін – 31 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. (жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел, шектеулі көрініс)
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 292 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.