Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста жол жабылды.
"Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстарында 10 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3910 метр болатын су тасқыны болды. 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолдарында (ұзындығы 801 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу