5 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

173

ҚазАвтоЖол 14 желтоқсанда сағат 16:00-де ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілгені туралы шұғыл ақпарат жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

5 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді Фото: canva

Ақтөбе облысы:

"РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шекарасы" автожолының 1153-1240 шақырым аралығындағы Ырғыз елді мекенінен Қызылорда облысының шекарасына дейін; 

"Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 526-610 шақырым аралығындағы Батыс-Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін.

Қызылорда облысы:

"РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін. 

Батыс-Қазақстан облысы: 

"Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы Жымпиты елді мекенінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін; 

Маңғыстау облысы

Республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" 332–632 шақырым аралығындағы Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін; 

Абай облысы

Республикалық маңызы бар "Таскескен- Бахты- ҚХР шекарасы" автожолының 0-187 шақырым аралығындағы Таскескен елді мекенінен ҚХР шекарасына дейін барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу