Қазақстанның бес аймағында сұйытылған мұнай газының шекті бағасы қымбаттайды, деп жазады inbusiness.kz.
“Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюына, сұйытылған мұнай газын бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаларды көтеру қажеттілігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтініштерін ескере отырып, көлік қызметтеріне автомобильге газ құю станциялары мен газ жинақтау пункттерін, жалақы қорын, бөгде ұйымдардың қызметтерін ұстау және оларға қызмет көрсету, “ҚТЖ-Жүк тасымалы" магистральдық темір жолдары бойынша жүктерді тасымалдауға арналған тарифтер сұйытылған мұнай газындағы белгіленген бағаларды бұрынғы деңгейде сақтай отырып, сұйытылған мұнай газын өткізуді шектеу және оның тапшылығы тәуекелдері туындайды”, - делінген түсіндірме жазбада.
Құжатқа сәйкес, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады.
“Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды”, - делінген құжатта.
Құжатты жария талқылау “Ашық НҚА” сайтында 17 сәуірге дейін жалғасады.